“Жұмыспен қамтудың жол картасы” жобасының іске асырылуын бақылау бойынша мониторинг

Жарияланған күні:
2021-1-10 сағат 18:10

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы” жобасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мониторингтік топ “Нұр-Сұлтан қаласының Алматы және Есіл аудандары бойынша әлеуметтік нысандарды газдандыру “(I-кезек)” жобасына барды.

Мониторингтік топ “DK Proekt” ЖШС қызметкерлерімен қызметкерлердің еңбек жағдайы, жалақыны уақтылы төлеу, міндетті әлеуметтік төлемдерді есептеу және т. б. туралы сұхбат өткізді.

Іске асыру басталғаннан бері аталған жобаға 24 адам жұмысқа орналастырылды (жоспар 22, қамту 109%) (жұмыс жүргізуші (прораб), учаске бастығы, инженер-жобалаушы, фронталды тиегіштің операторы, жүк автомобилінің жүргізушісі, қазандық операторы, тиеу машинасының машинисі, автогрейдер машинисі және басқалар).

2021 жылға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы объектілерінде мониторинг жүргізу, бекітілген жоспарға және мониторингтік топтың жұмысқа бару кестесіне сәйкес жалғасатын болады.

Жарияланған күні: 2021-1-10 сағат 18:10
Сілтеме https://czn.kz/zh-myspen-amtudy-zhol-kartasy-zhobasyny-iske-asyryluyn-ba-ylau-bojynsha-monitoring-7/