“Жұмыспен қамтудың жол картасы” жобасының іске асырылуын бақылау бойынша мониторинг

Жарияланған күні:
2021-30-09 сағат 18:40

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы” жобасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мониторингтік топ “Нұр-Сұлтан қаласының Алматы және Есіл аудандары бойынша әлеуметтік нысандарды газдандыру “(I-кезек)” жобасына барды.

Мониторингтік топтың құрамында – “Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің, “Nur Otan” партиясы филиалының өкілдері, БАҚ және қоғамдық ұйымдар өкілдері бар.

Мониторингтік топ “ЦА НИПИ “ТРАНСНЕФТЬ” ЖШС қызметкерлерімен жұмыс берушілердің еңбек жағдайы, жалақыны уақтылы төлеу, міндетті әлеуметтік төлемдерді есептеу және т. б. туралы сұхбат өткізді.

Іске асыру басталғаннан бері аталған жобаға 56 адам жұмысқа орналастырылды.
Олар: бөлімше шебері, қосалқы жұмысшылар бригадирі, автокөлік жүргізушісі, жұмысшылар.

Жоспар бойынша жұмыспен қамту   56 адам болса, 100% қамтылды.

2021 жылға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы нысандарына мониторинг жүргізу  шаралары бекітілген жоспарға және мониторингтік топтың жұмысқа бару кестесіне сәйкес жалғасатын болады.

Жарияланған күні: 2021-30-09 сағат 18:40
Сілтеме https://czn.kz/zh-myspen-amtudy-zhol-kartasy-zhobasyny-iske-asyryluyn-ba-ylau-bojynsha-monitoring-6/