Жұмыспен қамтудың белсенді шараларының бірі-әлеуметтік жұмыс орындары

Жарияланған күні:
2021-2-03 сағат 5:45

Әлеуметтік жұмыс орны- халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялау арқылы жұмыс беруші құратын жұмыс орны.

Осы бағдарламаға қатысушының  бірі –Төлеуова Перизат Мұратқызы. Қазір «Қазақстан Құрылысшылар одағында» экономист болып еңбек етеді.  Бұған дейін Қарағанды  ауданы әкімдігінде маман болып еңбек еткен. Нұр-Сұлтан болашақтың қаласы. Арман қуып бас қалаға осыдан екі жыл бұрын келіпті. Алайда өз мамандығына сай жұмыс табылмағандықтан дүкенде сатушы болып жұмыс істейді. Өткен жылдың  қараша айында Жұмыспен қамту орталығына  жұмыс іздеп келеді.  Орталық мамандары  екі айға жуық жұмыс түрлерін ұсыныпты.  Қазіргі жұмысым өзіме ұнайды дейді Перизат. Тұрақты жұмыс  ұсынатын болса, қабылдауға  қарсы емес.

Жұмыссыздар үшін арнайы құрылатын әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу үшін  мына санаттағы азаматтарға басымдық  беріледі:

  • Мүмкіндігі шектеулі жандар
  • Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар
  • Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар
  • Көпбалалы ата-аналар
  • Мүгедек баланы, мүгедектігі бар азаматты бағып отырғандар
  • Оралмандар
  • Терроризм актісінің нәтижесінде зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар

Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушының еңбек ақысының 35% мемлекет 65% пайызы жұмыс беруші есебінен төленеді.

Қатысу мерзімі-12 ай.

Кеңес алу үшін -75-93-41, 95-44-23; телефон номерлеріне хабарласып білуге болады.

Жарияланған күні: 2021-2-03 сағат 5:45
Сілтеме https://czn.kz/zh-myspen-amtudy-belsendi-sharalaryny-biri-leumettik-zh-mys-oryndary/