Жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді түсіндіру мақсатында индустриялық парк кәсіпорындарының жұмыс берушілерімен кездесу өткізілді

Жарияланған күні:
2021-8-11 сағат 17:31

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ «Астана Технополюс» АЭА БК»АҚ бірлесіп «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы –«Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» базасында индустриялық парк аумағында орналасқан кәсіпорындармен кездесу өткізді. Аталған кәсіпорындарға «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы ақпарат берілді. Жұмыспен қамту орталығының мамандары:
• Жастар тәжірибесі
• Әлеуметтік жұмыс орындары
• Бірінші жұмыс орны
• Ұрпақтар келісімшарты
• “Күміс жас”жобасы
• Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту; жұмыспен қамту бағдарламалары туралы тарқатып айтты.
Сонымен қатар, Халықты жұмыспен қамту туралы заңнамада көрсетілген бос жұмыс орындарын электрондық еңбек биржасы www.enbek.kz орналастыру туралы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысын орындау түсіндірілді.

Анықтама: бос жұмыс орындарын беруді жеңілдету мақсатында электрондық еңбек биржасы порталы жұмыс істейді. Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша еңбек порталында 1 317 жұмыс берушіден 10 183 бос жұмыс орны орналастырылған.

Жарияланған күні: 2021-8-11 сағат 17:31
Сілтеме https://czn.kz/zh-myspen-amtu-a-zh-rdemdesudi-t-sindiru-ma-satynda-industrijaly-park-k-siporyndaryny-zh-mys-berushilerimen-kezdesu-tkizildi/