ҚҚВТ пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жарияланған күні:
2022-21-07 сағат 0:57

2022 жылғы 20 шілдесінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топтың қызметі аясында пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.


Іс-шараға Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарымен жұмыс бөлімінің басшысы Жанар Мусина қатысты.
Атап айтқанда, азаматтарға жұмыспен қамтудың белсенді шаралары, қысқа мерзімді кәсіптік курстар, мемлекеттік гранттар, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпарат ұсынылды.


Сонымен қатар, келушілерге әлеуметтік көмек көрсету ережелеріндегі өзгерістер туралы айтылды, оған сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан 6 айдан кешіктірмей босатылған адамдарға 15 АЕК (47 700 тг.) мөлшерінде біржолғы жәрдемақы беріледі.).

Жарияланған күні: 2022-21-07 сағат 0:57
Сілтеме https://czn.kz/vt-probacija-yzmetini-esebinde-t-r-an-zh-ne-bas-bostandy-ynan-ajyru-oryndarynan-bosatyl-an-adamdar-arasynda-a-paratty-t-sindiru-zh-mystaryn-zh-rgizdi/