Елордада халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері үшін жаттығу жұмыстары басталды

Жарияланған күні:
2019-6-12 сағат 16:39

Нұр-Сұлтан қаласында ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында еңбек ресурстарын дамыту Орталығының ұйымдастыруымен  ХЖҚО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жаттығу жұмыстары басталды.

Жаттығу жұмыстарының мақсаты – жұмыс іздеушілерге қолайлы жұмыс орнын таңдауда және жұмыс берушілермен өзара әрекеттесуде тиімді көмек көрсету үшін ХЖҚО  қызметкерлерінің әлеуетін арттыру.

Оқу бағдарламасына келесі модульдер кіреді: 1. «Істерді басқару», 2. «Жұмыс берушілермен өзара қатынас», «Кәсіби бағдар», «Еңбек мониторингі және болжау» – оқыту аудиторияда өткізіледі (күндізгі форма). 5. «Жұмыспен қамту орталығындағы персоналды басқару», 6. «Нәтиже бойынша басқару», 7. «Жұмыспен қамту қызметі қызметкерлерінің басты құзыреттерін дамыту» – веб-сессиялар арқылы.

Қызметкерлерді оқыту Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Дүниежүзілік банктің «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмысқа орналасуға ынталандыру» жобасы аясында жүзеге асырылады.

Оқыту барысында тыңдаушылар арасынан, оларды одан әрі ішкі жаттықтырушылар  ретінде даярлау үшін мамандар іріктелетін болады. Ішкі жаттықтырушылардың негізгі міндеті, ХЖҚО қызметкерлерін жұмысқа қажетті білім мен дағдыларды дамыту мақсатында оқыту болып табылады.

«ЕРДО» АҚ байланыс, жұмысты үйлестіруді және оқытуды ұйымдастыру кезінде  көмекті  қамтамасыз етеді. Жұмыспен қамту қызметі үшін жаттығулар  өткізуді “Ernst & Young”компаниясы жүзеге асырады.

Өткізіліп жатқан  оқу халықты жұмыспен қамту Орталығы қызметкерлерінің білімін, іскерлігін және құзыреттілігін жетілдірудің маңызды кезеңі болып табылады.

Жарияланған күні: 2019-6-12 сағат 16:39
Сілтеме https://czn.kz/v-stolice-startoval-trening-dlja-sotrudnikov-centra-zanjatosti-naselenija/