Халықаралық мүгедектер күні аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің кездесуі өтті.

Жарияланған күні:
2019-7-12 сағат 0:35

Халықаралық мүгедектер күніне орай жұмыспен қамту орталығында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге халықты жұмыспен қамту Орталығының директоры мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасай отырып қатысты, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен мүмкіндігі шектеулі тұлғалар да жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша  өз тілектерін  айтты.

Жұмыспен қамту орталығының жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекеттік қолдау көрсету, оларды жұмысқа орналастыру және қоғамдық өмірге араластыру. Мүгедектерге тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға басымды тәртіпте қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ, олар әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, жастар тәжірибесі және кәсіптік оқыту сияқты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысады.

Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына 844 мүгедек жүгінді, олардың ішінде 701 адам жұмысқа орналастырылды. Курстарды 29 адам аяқтады, олардың ішінде 16 адам жұмысқа орналастырылды. 15 адам грант алды. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 296 адам қатысты.

Жарияланған күні: 2019-7-12 сағат 0:35
Сілтеме https://czn.kz/v-centre-zanjatosti-naselenija-akimata-g-nur-sultan-proshla-vstrecha-predstavitelej-obshhestvennyh-obedinenij-v-ramkah-mezhdunarodnogo-dnja-invalidov/