2020 жылдың 1 маусымына дейін «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасын ұйымдастыруға өтінімдерді қосымша қабылдау басталды

Жарияланған күні:
2020-22-05 сағат 23:12

Короновирус пандемиясы кезеңінде халықты жұмыспен қамтуды қолдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі бірқатар дағдарысқа қарсы шаралар қабылдады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы қаулысымен бекітілген нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – бағдарлама) іске асыру аясында республикалық бюджет қаражатынан «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасын қосымша қаржыландыру бөлінді.

Осыған орай, «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (бұдан әрі – Орталық) 2020 жылдың 1 маусымына дейін «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасын ұйымдастыруға қосымша өтінім қабылдайтындығы туралы хабарлайды.

Жұмыс берушілер назарына!

Бағдарламаның шарттары бойынша:

– қоғамдық жұмыстар – халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн әлеуметтiк пайдалы бағыттағы еңбек қызметiнiң түрлерi;

– қоғамдық жұмыстар жергілікті, республикалық бюджет қаражаты шегінде қаржыландырылады және өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайдалылық мақсатында құрылады;

– қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы 12 айдан аспайды;

– қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.

 

Қажетті құжаттар тізбесі бар өтінім бланкісі қоса беріледі.

Өтінімдерді қабылдау https://czn.documentolog.kz/ арқылы жүзеге асырылатын болады. Анықтама үшін телефон: 57 89 35

 

Жүктеу үшін өтініш үлгісі

 

 

Жарияланған күні: 2020-22-05 сағат 23:12
Сілтеме https://czn.kz/uvazhaemye-rabotodateli-goroda-nur-sultan-2/