Кәсіптік оқыту бағдарламасы

Жарияланған күні:
2018-12-09 сағат 1:19

Ағымдағы жылғы 28 тамызда Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелері Нұрғожина Сәуле Ордабайқызы және Баймолдин Абай Мұхаммеджанұлы қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасына қатысушы мынадай “Көпсалалы колледжі ” МКҚК, “Басқару колледжі” ЖШС, “Астана қаласы әкімдігінің менеджмент және бизнес колледжі” ЖШС, “Шаштаразшылар мектебі” ЖШС, «ПИК «Astana Ютария Ltd» ЖШС сияқты оқу орталықтарын аралады.
Комиссияның аралау мақсаты бағдарламаға қатысушылардың сабаққа қатысуына мониторинг жүргізу, оқу процессінің ұйымдастырылуына бақылау жасау және т.б. болып табылады. 
Аталған комиссия құрамына «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметік қорғау басқармасы» ММ, «Астана қаласының стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ, «Астана қаласының білім басқармасы» ММ, «Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы сынды ұйымдардың өкілдері кірді.


Бейбітшілік 25, “Өркен” ІО, 1 қабат.
Анықтама телефоны:
57-88-88

Жарияланған күні: 2018-12-09 сағат 1:19
Сілтеме https://czn.kz/uchebnye-centry-uchastvujushhie-v-kratkosrochnom-professionalnom-obuchenii/