Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету

Жарияланған күні:
2019-1-08 сағат 17:31

Ағымдағы жылдың басынан оның 360-ден астамы жұмыссыздықтан қорғау шараларымен қамтылып, 351 адам жұмысқа орналасты.

360 азаматтың 56-і тұрақты жұмысқа орналасқан болса, 236 азамат қоғамдық жұмыстарға жіберілген, қалған 22 мүмкіндігі шектеулі жандар әлеуметтік жұмыс орындарында қызмет етіп жүр. Сондай-ақ, 10 жоғары оқу орнының түлегі жастар практикасы жобасы көмегімен алағашқы тәжірибе жинақтап жатқаны да тілге тиек етілді. 27 азамат тігінші, дәнекерлеуші, анимация және видеографика, тігінші, аспаз мамандықтары бойынша қысқамерзімді курстардан өтуде. Оқуын сәтті тәмамдаған 1 қатысушыға жаңа бизнес-жоспарын жүзеге асыру үшін 100 АЕК көлемінде грант берілген.

Халықты жұмыспен қамту орталығы еңбекке қабілеті бар барлық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер түрін ұсынады, оның ішінде: жұмыспен қамтуға ықпал етуге, кәсіби даярлау, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу, жаңа бизнес-жоспарын дамытуға грант, арнайы жұмыс орындарын құру және т.б.  Десе де,  осы санаттағы адамдарды жұмыспен қамтуды талдау бойынша,  қалада жұмыс берушілердің 2-ден 4 пайызға дейінгі мөлшерде жұмыс орындарының квотасын сақтамағанын көрсетті.

«Мен жұмыс берушілерді еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етіп, оларға сәйкесінше жұмыс орнын жасақтап беруге шақырамын. Аталған квотаны орындамағандар әкімшілік жауапқа тартылады. Бірақ, дәл осы сұраққа келгенде тағылатын айыппұл емес, азаматтық жауапкершілік басты орында тұруы қажет» – деп қосты Нұр-Сутлан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Абай Баймульдин.

Жарияланған күні: 2019-1-08 сағат 17:31
Сілтеме https://czn.kz/trudoustrojstvo-grazhdan-s-ogranichennymi-vozmozhnostjami-2/