«Тігінші» біліктілігі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қатысушылардың емтиханы өтті

Жарияланған күні:
2022-6-10 сағат 18:51

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны іске асыру аясында «Алтын Орда» авторлық дизайн үйі» ЖШС жанындағы Оқу орталығында «Тігінші» біліктілігі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қатысушылардың емтиханы өтті.

Емтихан комиссиясының мүшелері: Оқу орталығының басшысы Ырза Тұрсынзада, жұмыс беруші Майра Махмудхан, пән оқытушылары, сондай-ақ Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Асель Кусаинова болды.

Емтиханды сәтті аяқтау нәтижесінде 9 түлекке «Тігінші» біліктілігін беру туралы куәлік берілді.

Аяқтағаннан кейін түлектерге «Алтын Орда» авторлық дизайн үйі» ЖШС-де тұрақты жұмысқа орналасу ұсынылды.

Барлық сұрақтар бойынша кәсіптік оқыту бөліміне хабарласыңыз: 24-89-48, 24-93-09, +77009569834

Жарияланған күні: 2022-6-10 сағат 18:51
Сілтеме https://czn.kz/tiginshi-biliktiligi-bojynsha-ys-a-merzimdi-k-siptik-o-ytu-a-atysushylardy-emtihany-tti/