Нұр-Сұлтанда ең сұранысқа ие мамандықтар

Жарияланған күні:
2020-9-09 сағат 4:26

Бүгінгі таңда елордада құрылыс, сауда және денсаулық сақтау саласындағы мамандықтарға сұраныс байқалуда. 8 қыркүйектегі жағдай бойынша «Электрондық еңбек биржасы» порталында 700-ден астам жұмыс берушіден 6 096 бос жұмыс орны тіркелген.

Атап айтқанда, құрылыс саласында ең сұранысқа ие мамандықтар-инженер-сметашы, прораб, шебер, әр түрлі жұмыс істеуші, тас қалаушы, арматурашы, бетоншы, учаске электриктері, ТҚҰ инженері.

Сауда саласында келесі кадрлардың тапшылығы байқалады: сатушы, кассир, менеджер, супервайзер, мерчендайзер, сауда өкілі, жанармай құюшы.

Денсаулық сақтау саласында дәрігерлер, медбике/аға, санитарлар қажет.

Жұмыспен қамту Орталығының базасында жастар үшін 1 894 бос жұмыс орны, тұрғын үй ұсынылатын 660 бос жұмыс орны бар. Негізінен құрылыс саласындағы жұмысшылар қажет. Икемді жұмыс кестесі бар 38 жұмыс орны тіркелген.

Сондай-ақ, елордалық ұмыспен қамту Орталығы «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» және «Жастар тәжірибесі», «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламалары бойынша бос жұмыс орындарын ұсынады.
Тізім орталықтың www.czn.kz. ресми сайтында қол жетімді.

ЖҚЖК бойынша бос жұмыс орындары сілтемесі  бойынша қолжетімді. Айта кетейік, аталмыш бағдарлама бойынша ең сұранысқа ие жұмысшылар, жол жұмысшылары, жүк көлігі жүргізушілері, монтажшылар, көгалдандыру мамандары.

ЖТ бойынша бос жұмыс орындары келесі сілтеме  бойынша қолжетімді.

Жарияланған күні: 2020-9-09 сағат 4:26
Сілтеме https://czn.kz/samye-vostrebovannye-professii-v-nur-sultane/