Ұрпақтар келісімшарты

Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ

3 (үш) жыл ішінде оқуды аяқтаған және 35 (отыз бес) жастан аспаған оқу орындарының түлектері жобаға қатысушылар болып табылады;

“Ұрпақтар келісімшарты” жобалары бойынша жұмыс орындары оқу орындарының түлектері үшін ұлттық кәсіптер сыныптауышының сол сабақтар тобына жататын, олар алған кәсіп (мамандық) немесе ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша құрылады.

Жұмыс беруші “Ұрпақтар келісімшарты” жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамға кәсіби білімі мен жұмыс тәжірибесін беру үшін тәжірибелі қызметкерлер қатарынан тәлімгерді бекітеді. “Ұрпақтар келісімшарты” жобасы бойынша жұмысқа орналасу үшін үміткер Мансап орталығына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, нысан бойынша өтініш береді:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);

3) білімі туралы құжат (міндетті)

“Ұрпақтар байланысы” жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызды Еңбек кодексінің 38-бабына сәйкес тәлімгердің бос жұмыс орнына немесе басқа бос орынға ауыстырады

“Ұрпақтар келісімшарты” жобалары шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар үшін айына субсидия (жалақы) мөлшері кемінде 30 (отыз) АЕК

“Ұрпақтар келісімшарты” жобасына қатысу 6 айдан аспайды