Жұмыс берушілерге ақпарат!

Жарияланған күні:
2022-25-03 сағат 16:17

Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс берушілері!

Сіздерді «Күміс жас» бағдарламасына қатысуға шақырамыз.
Бағдарламаға меншік нысанына қарамастан, бір жылдан астам жұмыс істейтін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ жұмыс берушілер қатыса алады.
Жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) «жеке кабинет» арқылы Жұмыспен қамту орталығына кезекті қаржы жылына «Күміс жас» бағдарламасына қатысуға электрондық өтінім береді.
Жобаның қатысушылары зейнеткерлік жас алдындағы жұмыссыз тұлғалар (жасы зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
Субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, жалақының 50% құрайды, бірақ 30 АЕК-тен аспайды (салықтар, міндетті әлеуметтік аударымдар, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақылар және банк қызметтері есепке алынады).
Барлық сұрақтар бойынша келесі мекен-жайға хабарласуға болады: Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-сі, 25 («Өркен» БО), 2 қабат, 202/2 кабинет, тел.: 72-93-56, 8 700 601 81 81.

Жарияланған күні: 2022-25-03 сағат 16:17
Сілтеме https://czn.kz/rus-informacija-dlja-rabotodatelej/