Құрметті жұмыс берушілер!

Жарияланған күні:
2023-16-05 сағат 18:02

Оқытудың мақсаты – одан әрі кепілді жұмысқа орналасу үшін жұмыс берушілер үшін жұмыссыз азаматтар арасынан білікті кадрларды қысқа мерзімді оқыту.

Астана қаласының Кәсіпкерлер Палатасының тізілімінде тұрған білім беру мекемелерінде оқу барысында жұмыссызға ай сайынғы стипендия мен медициналық тексеруден өтуге біржолғы материалдық көмек (2 АЕК) төленеді.

Оқыту аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жұмыссыздардың кәсіби дайындығын бағалау үшін біліктілік емтиханын өткізеді және оқуды аяқтағаны туралы сертификат береді.

Жұмыс беруші жұмыссыздар оқуды сәтті аяқтаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Шарт негізінде оларды тұрақты жұмысқа орналастырады.

Жұмыс берушілер өтініштерді электронды форматта egov.kz, eotinish.gov.kz арқылы немесе «Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Бейбітшілік 9 көшесі (бұрынғы Орталық әмбебап дүкені)  мекенжайы бойынша береді.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласыңыз: prof.edu@czn.kz, 24-89-48, 24-93-09

Жарияланған күні: 2023-16-05 сағат 18:02
Сілтеме https://czn.kz/rmetti-zh-mys-berushiler-3/