Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс берушілері!

Жарияланған күні:
2020-27-10 сағат 20:23

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (бұдан әрі-Жұмыспен қамту орталығы) 2021 жылы «Бірінші жұмыс орны» жобасын ұйымдастыруға қатысуға өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда.

Бағдарламаға қатысушылар-алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, жұмыс іздеп жүрген адамдар, жиырма тоғыз жастан аспаған жастар қатарындағы, оның ішінде NEET санатындағы жұмыс тәжірибесі жоқ жұмыссыздар.

«Бірінші жұмыс орны» жобасына қатысушылардың еңбегіне ақы төлеуді Жұмыспен қамту орталығы жүргізеді.

Толық ақпарат және қажетті құжаттар тізімі бар өтінім бланкісі орталықтың www.czn.kz ресми сайтына орналастырылған.

Өтінім беру 2020 жылғы 1 қарашаға дейін “Documentolog” ЭҚЖ (egov.kz – электрондық үкімет порталы арқылы).

Сұрақтар бойынша келесі мекен-жайға хабарласуыңызға болады: Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-сі, 25 («Өркен» БО) 2 қабат, 202/2 кабинет, тел. 72-93-56; 57-89-35, 57-88-86, +77053297719.

Бірінші жұмыс орны

 

 

Жарияланған күні: 2020-27-10 сағат 20:23
Сілтеме https://czn.kz/rmetti-n-r-s-ltan-alasyny-zh-mys-berushileri-2/