Құрметті Астана қаласының жұмыс берушілері!

Жарияланған күні:
2022-7-10 сағат 21:35

Құрметті Астана қаласының жұмыс берушілері!

Елорданың жұмыс берушілерін кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға қатысуға шақырамыз.
Арнайы жұмыс орындары мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін құрылады, арнайы жұмыс орындарын жарақтандыруға арналған жабдықты сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындарды өтеу мақсатында жұмыс берушілерге субсидиялар беріледі.

Осы ұсынысқа қызығушылық танытқан жағдайда сізге өтінімді қағаз тасығышта «Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-ге тапсыру қажет: Бейбітшілік көшесі, 9 Тел. +77759027353, 24-95-86, www.enbek.kz, www.czn.kz

Жарияланған күні: 2022-7-10 сағат 21:35
Сілтеме https://czn.kz/rmetti-astana-alasyny-zh-mys-berushileri/