Құрметті Астана қаласының жұмыс берушілері!

Жарияланған күні:
2023-7-02 сағат 18:41

Астана қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру аясында 2023 жылғы 28 ақпанға дейін кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін жұмыс берушінің жұмыс орнында өтінімдер қабылдағаны туралы хабарлайды.

Оқытудың мақсаты жұмыс берушілер үшін жұмыссыз азаматтар қатарынан білікті кадрларды қысқа мерзімді даярлау болып табылады. Білікті кадрларды даярлау тиісті материалдық-техникалық базасы бар жұмыс орнында жүргізіледі.

Жұмыссызды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқыту  мынадай талаптарға сәйкес келетін:

1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жұмыс істеп тұрған заңды тұлға немесе дара кәсіпкер статусы бар;

2) бір жылдан астам жұмыс істеп тұрған;

3) салық, жарналар және аударымдар бойынша өтіп кеткен берешегі жоқ;

4) материалдық-техникалық базасы бар;

5) өндірісте кемінде бір жыл кәсіптік практикалық жұмыс өтілі бар білікті жұмыскерлері бар; Жұмыс беруші жұмыссыздың жеке оқу бағдарламасын жасайды және білікті тәлімгерді бекітіп, жұмыс орнында оқытуды жүзеге асырады

6)жұмысшы біліктіліктер бойынша кадрлар даярлаудың жеке оқыту бағдарламалары бар болуы керек.

Жұмыссыздарды  жұмыс орнында кәсіптік оқытуға Жарғысында (Ережесінде) кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру жөніндегі нормалары бар жұмыс берушілер қатыса алады.

Оқуды аяқтаған соң жұмыс беруші жұмыссыздардың кәсіптік даярлығын бағалау бойынша біліктілік емтихан өткізеді. Оқуды аяқтаған жұмыссыздарға жұмыс беруші кәсіби дағдыларды меңгергені туралы сертификат береді және жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды ұсынады.

Оқу кезеңінде жұмыссызға жалақыны жұмыспен қамту орталығы төлейді. Жалақының бір айдағы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде 20 (жиырма) АЕК-ті құрайды. Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін жалақыға қосымша үстеме ақы белгілейді.

Жұмыссыз оқуды сәтті аяқтағаннан кейін жұмыс беруші Шарттың негізінде оны 10 (он) жұмыс күні ішінде тұрақты жұмыс орнына кемінде 12 (он екі) мерзімге жұмысқа орналастырады.

Жұмыс берушіден өтінім үлгісі czn.kz сайтындағы» Жұмыссызды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқыту  бөлімінде жүктей аласыз.

Жұмыс берушіден өтінім үлгісін толтырып, egov.kz немесе eotinish.gov.kz бойынша онлайн жолдау қажет немесе арнайы Астана қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің мекен жайына Бейбітшілік көшесі, 9 (бұрынғы ЦУМ), каб. 131 ұсынады.  Туындаған сұрақтар бойынша: prof.edu@czn.kz, 24-89-48, 24-93-09

Жарияланған күні: 2023-7-02 сағат 18:41
Сілтеме https://czn.kz/rmetti-astana-alasyny-zh-mys-berushileri-5/