Құрметті Астана қаласының жұмыс берушілері!

Жарияланған күні:
2023-23-01 сағат 17:38

 

Қатысуға жіберілетін жұмыс берушілер салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам жұмыс істейтін болуы тиіс.
Жұмыс орнында оқыту жобасына қатысуды жоспарлаған жұмыс берушілерге қойылатын қосымша талаптар: материалдық-техникалық базаның болуы, кемінде бір жыл кәсіби тәжірибесі бар білікті қызметкерлердің болуы, кадрларды даярлаудың жеке бағдарламасының болуы.
Сондай-ақ жұмыс орнында оқыту үшін жұмыс берушілерге кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру нормалары Жарғыда (Ережеде) қаралған болса ғана, рұқсат етіледі.
Оқыту аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жұмыссыздардың кәсіби дайындығын бағалау үшін біліктілік емтиханын өткізеді және оқуды аяқтағаны туралы сертификат береді.
Жұмыс беруші жұмыссыздар оқуды сәтті аяқтаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Шарт негізінде оларды тұрақты жұмысқа орналастырады.
Жұмыс берушілер өтініштерді электронды форматта egov.kz, eotinish.gov.kz арқылы немесе Астана қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мекенжайы бойынша береді. Бейбітшілік 9 (бұрынғы Орталық әмбебап дүкені) келесі қаржы жылына өтінім ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін қабылданады.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласыңыз: prof.edu@czn.kz, 24-89-48, 24-93-09

Жарияланған күні: 2023-23-01 сағат 17:38
Сілтеме https://czn.kz/rmetti-astana-alasyny-zh-mys-berushileri-4/