Кейіннен жұмысқа орналастыру бар кәсіптік оқыту

Жарияланған күні:
2020-20-08 сағат 0:59

Елордалық жұмыспен қамту Орталығы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жазылуды  жалғастыруда. 

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы аясында келесі мамандықтар қолжетімді:

  1. Наубайшы
  2. Аспаз
  3. Тәрбиешінің көмекшісі
  4. Тігінші

2020 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқыту дуальды оқыту элементтері бар білім беру ұйымдарында жүргізіледі. Бағдарламаға қатысушылар-халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар.

Қазіргі уақытта қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ұзақтығы 1-3 айды құрайды.

Ағымдағы жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқыту:

– жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша;

– еңбек нарығында сұранысқа ие, жұмыс біліктілігін өз бетінше алу мақсатында оқытуға ваучер беру жолымен жүзеге асырылады.

Бағдарламаға қатысушылар мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі, оқу кезеңінде 21 787 теңге мөлшерінде шәкіртақы және медициналық тексеруден өту үшін 5 556 теңге (2 АЕК) мөлшерінде материалдық көмек төленеді.

Кәсіптік оқыту мәселелері бойынша: +7 705 329 69 63+7 775 753 43 91 нөмірлеріне хабарласыңыздар. Электрондық пошта: granty2020@mail.ru

Жарияланған күні: 2020-20-08 сағат 0:59
Сілтеме https://czn.kz/professionalnoe-obuchenie-s-posledujushhim-trudoustrojstvom/