Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.

Жарияланған күні:
2021-22-06 сағат 17:20

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.

Қоғамның осал топ мүшелері үшін ұйымдастырылған онлайн жәрмеңкеге елордадағы 4 ауданның пробация есебінде тұрған және ҚР ІІМ Полиция депатраментінде есепте тұрған 60 жуық азамат қатысты.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа алуға 8 мекеме келісім білдіріп 50 ден астам бос жұмыс орындар ұсынды.
Онлайн жәрмеңке ZOOM платформасында өтті.

Пробация есебінде тұрған және түзеу мекемесінен босатылған азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша кеңес алу үшін 8(7172) 72-93-41
8(7172) 95-44-23 телефондарына хабарласып білуге болады.

Жарияланған күні: 2021-22-06 сағат 17:20
Сілтеме https://czn.kz/probacija-yzmetini-esebinde-t-r-an-azamattar-a-arnal-an-bos-zh-mys-oryndary-zh-rme-kesin-tkizdi/