Кәсіпкерлер палатасы Білім беру басқармасымен, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесе отырып, 2020 жылы колледждердің және ЖОО-ның әрбір түлегін жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

Жарияланған күні:
2020-17-01 сағат 0:26

Кәсіпкерлер палатасы Білім беру басқармасымен, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесе отырып, 2020 жылы колледждердің және ЖОО-ның әрбір түлегін жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

Осыған байланысты, Кәсіпкерлер палатасы ағымдағы жылдың
22 қаңтарында сағат 11.00-де “Атамекен” қолдау орталығы мобильдік жұмыспен қамту орталығының менеджерлерінің көшпелі жұмысын іске қосады.

Бүгінгі күні палатада жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша бос жұмыс орындарының банкі құрылды. Сондай-ақ, бұл бос орындар ватсап чаттарында, жеделхаттарда, instagram желісіңде @rabota.atameken ресми бетінде ашық түрде орналастырылған, мұнда жұмыс берушілермен өзекті бос жұмыс орындары бойынша күнделікті жұмыс жүргізіледі.

2019 жылдың шілдесінен бастап “Атамекен” мобильдік жұмыспен қамту орталықтарының менеджерлері 25000-нан астам адамға қызмет көрсетті. Келушілердің ішінен негізінен жұмыс іздеуші, жаңа мамандықты игергісі келетін, өзін кәсіпкерлікте іске асырғысы келетін адамдар.  Осы кезеңде менеджерлер 2000-нан астам адамды қысқа мерзімді кәсіби курстарға жіберді, Нұр-Сұлтан қаласының 900-ге жуық тұрғыны тұрақты жұмысқа орналасты және 3150 адам кәсіпкерлік дағдыларға оқуға және “Бастау Бизнес” және “Жас кәсіпкер”жобалары бойынша өз ісін ашуға ниет білдірді. 6000-ға жуық адам жеке тұлғалық өсу консультанттары мамандық бойынша қабілеттері мен дағдыларын анықтау үшін кәсіптік бейімдеу тестілеуін өткізді.

Іс-шараның ашылуы “Көпбейінді колледжі” МКҚК базасында өтеді.  Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қ, Қарасай батыр көшесі 19, барлық сұрақтар бойынша Жанар Төребекова 87016282673 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Жарияланған күні: 2020-17-01 сағат 0:26
Сілтеме https://czn.kz/press-anons/