Елордадағы жалпықалалық жәрмеңкеде 2 мыңнан астам бос жұмыс орындары ұсынылады

Жарияланған күні:
2019-24-06 сағат 21:34

2019 жылдың 25-26 маусым күні сағат 10:00-13:00 аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» жалпықалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізетінін хабарлайды. Жәрмеңке Республика даңғылы, 34 мекенжайында орналасқан  “Жастар” сарайында өтеді. Іс-шара өз алаңында елорданың 100 ден астам жұмыc берушісін жинайды, олар 2000 астам бос жұмыс орнын ұсынбақ. Жәрмеңкеге келушілер жұмыс берушілермен тікелей байланысып, сұхбаттасып, түйіндемелерін қалдыруға мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, шарада оқу орындарының түлектеріне «жастар тәжірибесі» бағдарламасы айтылып, азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылады. Жұмыспен қамту орталығының мамандары қысқа мерзімді кәсібі оқуға қызығушылық танытқан келушілерге де толық ақпарат береді.

Жыл басынан бері орталық арқылы 2800 адам жұмысқа орналасты. Олардың 92-сі әлеуметтік жұмыс орындары, 1 820  қоғамды жұмыстар болса 830 дан астам азамат тұрақты жұмысқа орналасқан.

Бүгінде жұмыспен қамту орталығында 7 мыңнан бос жұмыс орындары ұсынылып отыр. Бұл бос жұмыс орындарының 58% -ында 100 мыңнан астам жалақы беріледі.

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз бөлімі

Байланыс нөмірі: 8702192221, Дана Тұрғынова

Жарияланған күні: 2019-24-06 сағат 21:34
Сілтеме https://czn.kz/na-obshhegorodskoj-jarmarke-vakansij-predstavjat-bolee-2-tsch-vakantnyh-mest/