«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ  директоры  тағайындалды

Жарияланған күні:
2021-23-02 сағат 18:20

Елордадағы  Жұмыспен қамту орталығының директоры  қызметіне  Байтасов Азамат Елемесұлы  тағайындалды.

А. Байтасов-  «Кеден ісі» мамандығы бойынша Ақмола қаржы-экономикалық колледжін бітірген. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.  Кәсіби қызметін  Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында  қоғамдық жұмыстан  бастады. Жұмыспен қамту саласының  аса  білікті маманы.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2012 жылы «Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де, қоғамдық жұмыскер ретінде бастады.

2012 жылдың шілдесінен 2014 жылға дейін «Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де жұмысқа орналастыру бөлімінің маманы болып жұмыс істеді.

2014 жылы «Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де кәсіптік оқыту бөлімінің сектор меңгерушісі болды.

2017 жылдан бастап «Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де кәсіптік бағдарлау бөлімінің басшысы болды.

2018 жылдан бастап «Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де кәсіптік оқыту бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

2020 жылдың тамызынан бастап «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ директорының орынбасары болып тағайындалды.

2021 жылдың ақпан айынан бастап  «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ-ң директордың м.а. болып қызмет атқарды.

Жарияланған күні: 2021-23-02 сағат 18:20
Сілтеме https://czn.kz/n-r-s-ltan-alasy-kimdigini-haly-ty-zh-myspen-amtu-ortaly-y-kmm-direktory-ta-ajyndaldy/