Жұмыспен қамтудың жол картасына сәйкес жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруды бақылау

Жарияланған күні:
2020-3-06 сағат 18:20

Ағымдағы жылдың 30 мамырында азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша Жұмыспен қамтудың жол картасы жобаларына шығу болып өтті. Жұмыс сапары барысында жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Басқармасы басшысының орынбасары Б.Гарифуллин және Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Қабжанов “Майқайың көшесіндегі мектеп құрылысы” жобасын аралап, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» іске асырылу барысымен танысты. Мектеп құрылысына жұмыспен қамту Орталығы арқылы 129 адам жұмысқа орналастырылды, 138 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Мердігер-жұмыс берушілермен кездесуде кезінде Нұр-Сұлтан қаласының ХЖҚО директоры  Бақытжан Қабжанов Жұмыспен қамту жол картасы жобаларының өкілдеріне «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдар қызметкерлері үшін кәсіби оқыту мүмкіндігі туралы айтып өтті. Сондай-ақ жұмысқа орналасқан азаматтармен басталған жұмыс барысы мен еңбек жағдайлары туралы әңгімелесті. 

Сапардың екінші нысаны «Бейбітшілік және келісім сарайы» болды, мұнда ЖҚЖК бағдарламасы аясында ғимаратты ағымдағы жөндеу жоспарланған. Аталған жобаға Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту Орталығы арқылы 32 адам жұмысқа орналастырылды, жоспар бойынша 63 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Одан әрі Тұран даңғылынан Жиделі көшесіне дейінгі учаскеде жол құрылысы объектісіне шығу болды. Осы учаскеге Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту Орталығының жедел штабы арқылы 80 адам жолданды және жұмысқа орналастырылды, жоспар бойынша ХЖҚО арқылы 95 ізденуші жұмысқа орналастырылатын болады .

Бүгінгі күні Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 78 жұмыс берушіде 2370 адам жұмысқа орналастырылды.  Жалпы, ағымдағы жылы елордада ЖҚЖК бойынша 117 жобаға 15000-нан астам адам, Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту Орталығы арқылы 7623 адам жұмысқа орналастырылатын болады.

Жарияланған күні: 2020-3-06 сағат 18:20
Сілтеме https://czn.kz/monitoring-trudoustrojstva-bezrabotnyh-po-programme-dorozhnaja-karta-zanjatosti/