Мемлекеттік грантты іске асыру

Жарияланған күні:
2021-2-08 сағат 21:44

Мемлекеттік гранттың иегері— Тұрсынбай Балжан Тәңірбергенқызы

“Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткеннен кейін 2021 жылғы 4 маусым айында “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде “Авторлық қолдан жасалған сөмкелер шеберханасы” бизнес-жобасын іске асыруға мемлекеттік грант алды.

Бөлінген қаражатқа шеберхананы жабдықтады.

Жобаны мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: Мүсірепов к-сі, 8 үй. 4 қабат. 408 кеңсе.

Байланыс телефоны:
8 (775) 349 0112

Мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер:

✓ Жұмыссыз азаматтар;

✓ Кәсіпкерлер;

✓ “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуын аяқтаған адамдар болып табылады.

Биыл 400 мемлекеттік грант беру жоспарланған.
Жыл басынан бері комиссия 271 жобаны мақұлдады.

Ағымдағы жылы гранттың ең жоғарғы сомасы – 583 400 теңге (200 АЕК).

Жарияланған күні: 2021-2-08 сағат 21:44
Сілтеме https://czn.kz/memlekettik-grantty-iske-asyru/