МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРДЫ алудың IV легіне өтінімдерді қабылдау басталады

Жарияланған күні:
2022-13-09 сағат 15:13

 

2022 жылғы 19 қыркүйектен бастап кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны іске асыру аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады.
IV ағымда 340 өтінімді қабылдау жоспарлануда, оның ішінде жастарға арналған 224 өтінім және қалған санаттарға арналған 116 өтінім (ХӘОТ). Өтінімдерді қабылдау портал арқылы жүзеге асырылады «Business.enbek.kz» онлайн режимінде. Ағымдағы жылы өтінімдерді қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Гранттар халықтың нысаналы топтары үшін ғана көзделген:
– 29 жасқа дейінгі жастар;
– атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
– көп балалы отбасы мүшелері-көп балалы отбасы бойынша жәрдемақы алушы және (немесе) оның жұбайы (зайыбы);
– асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
– қоныс аударушылар, қандастар,
– еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедек адамдар,
– асыраушысынан айрылған адамдар-асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушы,
– мүгедек баланы (мүгедек балаларды) және (немесе) оның жұбайын (зайыбын) тәрбиелеп отырған адамдар жатады.
Ағымдағы жылы өтінімдерді қабылдау кезең-кезеңімен 4 лек аясында жүзеге асырылатын болады. I лек (2022 жылғы 1-14 сәуір), II лек (2022 жылғы 8-19 тамыз), III лек (2022 жылғы 29 тамыз-9 қыркүйек), IV лек (2022 жылғы 19 – 30 Қыркүйек).

Толық ақпарат алу үшін Бейбітшілік көшесі, 9 мекен-жайына хабарласуыңызға болады. тел.: 24-94-72, 8-700-956-98-10.

Жарияланған күні: 2022-13-09 сағат 15:13
Сілтеме https://czn.kz/memlekettik-granttardy-aludy-iv-legine-tinimderdi-abyldau-bastalady/