Мемлекеттік грант-жаңа идеяға жаңа жол.

Жарияланған күні:
2021-12-08 сағат 22:25

Қызылбекова Айдана Мұсақызы “Еңбек” бағдарламасы аясында “Шаштараз” мамандығы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтініш берді.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия ағымдағы жылғы 22 шілдеде А.М. Қызылбековаға “Шаштараз” бизнес жобасын мақұлданды. 583 400 теңге мөлшерінде мемлекеттік грант берілді.

Бөлінген қаражатқа Айдана Мұсақызы шаштараз салонын жабдықтап, 2 жаңа жұмыс орнын ашты.

Жас кәсіпкер парикмахер және маникюр қызметтерін көрсетеді.

Алдағы уақытта қызмет көрсету саласында өз бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер: жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер және өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген, “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе “Еңбек” бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде оқуын аяқтаған адамдар болып табылады.

Биылғы жылы 400 мемлекеттік грант беру жоспарланған. Бүгінгі таңда 355 бизнес жоба мақұлданды.

Ағымдағы жылы гранттың ең жоғарғы сомасы – 583 400 теңге (200 АЕК).

Жарияланған күні: 2021-12-08 сағат 22:25
Сілтеме https://czn.kz/memlekettik-grant-zha-a-ideja-a-zha-a-zhol/