Мемлекеттік грантқа өтініштерді қабылдау уақытша тоқтатылды

Жарияланған күні:
2021-27-07 сағат 6:28

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ хабарлайды!

Орталыққа түсетін өтініштердің үлкен көлемінің өңделуіне байланысты мемлекеттік грантқа өтініштерді қабылдау 27 шілде сағат 13.00-ден бастап, 3 тамызға дейін уақытша тоқтатылады. Қабылдау 4 тамыздан бастап қайта басталады.
Сондай-ақ, 4 тамыздан бастап мемлекеттік грантқа құжаттарды қабылдау дүйсенбіден бейсенбіге дейін сағат 8.30-дан 12.00-ге дейін және түскі астан кейін сағат 14.30-дан 16.00-ге дейін жүргізілетінін хабарлаймыз. Жұма күні сағат 8.30-дан 13.00-ге дейін.

Жарияланған күні: 2021-27-07 сағат 6:28
Сілтеме https://czn.kz/memlekettik-grant-a-tinishterdi-abyldau-ua-ytsha-to-tatyldy/