Мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтудың оң мысалы

Жарияланған күні:
2021-26-03 сағат 14:40

Абаев Елдос Зарлықанұлы -1 топтағы мүгедек. 2021 жылдың 18 қаңтарынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мониторинг жүргізу және шұғыл әрекет ету» МКК жұмыс істейді. «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға арналған  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясында  «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты.

Айта кетейік, Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға арналған кәсіптер атласы әзірленді. Ол жерде  12 мыңнан астам мамандық зерттелді. Нәтижесінде мүгедектіктің I тобына 2,5 мыңға жуық мамандық ұсынылды, II және III топтарға жеке – жеке 7 мыңға жуық мамандық ұсынылды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 695 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады, оның ішінде 419,8 мыңы еңбекке қабілетті жаста (60%). Олардың 106 мыңнан астамы жұмыс істейді.

Әлеуметтік осал топ санатындағы  азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша  қосымша ақпаратты  мына байланыс тел.-75-93-41, 95-44-23;  ұялы тел.:+7 775 902 73 53; +7 705 318 9792 номерлері  бойынша  хабарласып білуге болады. Мекен-жайы: «Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ,  Бейбітшілік көшесі-25, «Өркен» Бизнес орталығы.

Жарияланған күні: 2021-26-03 сағат 14:40
Сілтеме https://czn.kz/m-gedektigi-bar-azamattardy-zh-myspen-amtudy-o-mysaly/