«Жастар тәжірибесі» басты назарда

Жарияланған күні:
2018-7-12 сағат 23:05

Астана қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығында Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын және Еңбекпен қамту 2020 бағдарламасын дамыту мәселесі бойынша кездесу болды.

Үстіміздегі жылдың 7 желтоқсан күні Орталығымызда «Жастар тәжірибесі» бойынша қаламыздың 100-ге жуық жекеменшік және мемлекеттік ұйым өкілдері шақырылды, бірақ 50-ден аса мекеме өкілдері жиналды.

«Біз қашанда халық үшін Елбасының ойы мен мемлекеттік бағдарламаны іске асыру міндетіміз. Бүгінде жастардың халыққа қызмет етіп, еңбекке араласуы өте маңызды. Біздің бухгалтерлік есеп бөлімі есептеу үшін, сіздерге өтініш, біз жіберген мамандардың айлығын уақытында жіберу үшін, кадр бөліміндегі қызметкерлеріңіз кешіктірмей мәліметтерді жіберулерін сұраймын. Олар да адам баласы емес пе?! Негізі көмекшілеріме ескерткенмін әр айдың 25-не дейін ақпараттарды жинау туралы. Жастар сіздердің мекемелеріңізде тұрақты жұмыс істеу үшін, олардың айлықтарын өздеріңіз сияқты уақытында жіберу міндетіміз»- деді Орталығымыздың директоры Баймолдин Абай Мұхамеджанұлы.

«Мен осы орталықпен 3 жылдай байланыстамын. Негізі маған келген жастарды қолдаймын. Оларды білмегендерін үйретіп ары қарай дамуына септігімді тигіземін»- деді «Қасиет» психологиялық орталығының директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы оқытушысы Дүйсенбаев Айқын Шәмшиденұлы.

Сондай-ақ мекеме басышысы өзгеде мәселелерге тоқталды. Келушілер сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алды.

Астана қаласы

Халықты жұмыспен қамту

Орталығының Баспасөз қызметі

Жарияланған күні: 2018-7-12 сағат 23:05
Сілтеме https://czn.kz/kz-zhastar-t-zhiribesi-basty-nazarda/