Нұр-Сұлтанда 220 адам қайта даярлау курстарынан өтті

Жарияланған күні:
2020-8-10 сағат 17:52

Жаһандану мен индустрияландыру жағдайында кадр даярлауды жақсарту мемлекет саясатындағы негізгі міндеттердің бірі. Елімізде жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы жұмыс істейді.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аталған бағдарламасы аясында 2020 жылы 220 адам кәсіптік білім беру, қайта даярлауды қамтитын оқытуларға жіберілді. Арнайы курстар: аспаз, кондитер, арнайы -тігінші, шаштараз, кассир-бақылаушы, наубайшы, тәрбиеші-көмекшісі, анимация және бейнеграфика бойынша оқулар ұйымдастырылды. Сұранысқа ие мандықтар- аспаз -52 адам, шаштараз-41, тігінші кәсібін үйренгісі келген- 30 адам жаңа кәсіп үйренді.
Халықты жұмыспен қамту орталығына арнайы оқыту курстарына өтініш жазған азаматтарға кәсіптік оқуды ұйымдастыратын оқу ордасының бірі- «Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі». Қазір бұл жерде 30 адам жаңа кәсіп үйренуде. 10- наубайшы, 20 адам тігінші курстарында кәсіптік даярлаудан өтіп жатыр. Колледждің Кәсіби білім беру бойынша директор орынбасары Нұржанат Мұратқызының айтуынша, осы жерде білім алып, жаңа кәсіп меңгерген әрбір азамат жұмыспен қамтылады. Бұл тұрғыда бірнеше ЖШС-і, жеке кәсіпкерлермен арнайы келісім-шарт жасалған. Мысалы, «Бал-жидек» ЖШС-де наубайшылар, «ВЕСТЕ» ательесінде тігіншілеріміз жұмыс істейді.
Бүгінге дейін кәсіптік оқудан өткен азаматтардың 90 пайызы жұмысқа орналастырылған.
Жаңа кәсіп үйреніп, кәсіптік оқудан өтіп жүргеннің бірі- Ақмарал Қосжанова. Ол он жеті жылға жуық салық саласында, мемлекеттік қызметте жұмыс істепті. Алайда, өзінің жеке бизнесін ашу туралы біраздан ойлап жүрген. Осыдан бірнеше ай бұрын Халықты жұмыспен қамту орталығына келіп, кәсіптік оқыту бойынша тегін курсқа қатысу үшін өтініш қалдырыпты. Қазір ол арнайы -тігінші курсында оқып жүр. Бүгінге дейін көрпе-жастық, перде тігуді жақсы меңгеріпті.Ақмарал Байсынқызының мақсаты – дизайнерлік үлгідегі киім тігіп, жеке кәсіп ашып, өз брендін қалыптастыру.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға мамандығы жоқ, еңбек нарығында сұранысы жоқ мамандық иелері,біліктілігін жоғалтып алған және мамандығын ауыстырғысы келетін азаматтар қатысады. Кәсіптік оқытудың ұзақтығы кәсіптің ерекшелігіне қарай бір айдан үш айға дейінгі мерзімді құрайды.
Бағдарлама қатысушылары мемлекеттік қолдау мен шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.

Биылғы жылға кәсіптік оқыту бойынша курстарға қабылдау аяқталды.
Осы бойынша толық мәлімет алу үшін 7(7172)95 44 18; 8 777 116 82 73 номеріне хабарласып білуге болады.
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» мекен-жайы: Бейбітшілік к-сі-25, «Өркен» ІО орналасқан.

Жарияланған күні: 2020-8-10 сағат 17:52
Сілтеме https://czn.kz/kak-poluchit-novuju-professiju-220-chelovek-obuchilis-v-nur-sultane-na-kursah-po-perepodgotovke-kadrov/