«Күйзеліске  қарсы тұру» тақырыбында тренинг өтті

Жарияланған күні:
2021-16-03 сағат 15:59

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықты жұмыспен қамту  орталығының   атаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің мамандарына  «Күйзеліске қарсы тұру» тақырырбында тренинг ұйымдастырылды.  Лектор –  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» МКК –ның психолог маманы Абсадықова Сәуле Әмірқызы.

Психолог, әлеуметтік  сала қызметкерлерінің  қоғамның осал топтарымен  жұмыс істеу барысында орын алатын қиындықтар жүйкенің қажып, әлсіреуіне әкелетінін айтты. Өйткені, көмекке мұқтаж  адамдармен жұмыс істеу көп шыдамдылықты  қажет етеді. Әлеуметтің шағымына бей-жай қарамайтын қызметкердің өзі күйзеліске түскенін байқамай да қалады.

Тренингте  күйзеліске түспеу үшін нені білу қажет деген сауалға жауап іздеді. Кәсіби  стресстің жағымсыз ықпалын жеңу үшін алдымен оның қайнар көздерін тауып, онымен күресу  жолдарын айтып өтті.

Мұндай  тренинг  мамандар үшін өте пайдалы. Алдағы уақытта  жиі  өткізілетін болады.

Жарияланған күні: 2021-16-03 сағат 15:59
Сілтеме https://czn.kz/k-jzeliske-arsy-t-ru-ta-yrybynda-trening-tti/