Елорданың жұмыс берушілеріне арналған ақпарат!

Жарияланған күні:
2018-14-09 сағат 2:07

«Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (бұдан әрі – Халықты жұмыспен қамту орталығы) келесіні хабарлайды. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 16 сәуірдегі өзгертулер мен толықтыруларымен қабылданған Заңына сәйкес, Жұмыс берушiлер Халықты жұмыспен қамту орталығының кадрларға болжамды қажеттілік туралы жыл сайынғы сұранысына ресми жауаптар ұсыну жолымен халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекет саясатын iске асыруға қатысады. 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 532 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 06.06.2018 жылғы № 230 бұйрығы негізінде, жыл сайын 1 сәуір мен 1 қазанда болжамды жұмыс орындары бойынша ақпарат беру талап етілмейді. 
Экономиканың салалары бойынша сұранысқа ие кадрларды болжау және анықтауды ұйымдастыруға қатысу үшін өтініш білдіруші жұмыс берушілер, Халықты жұмыспен қамту орталығының болжау бөлімінен 57-88-89 57-88-94 57-88-98 телефондары бойынша ақпарат алуға болады.

Жарияланған күні: 2018-14-09 сағат 2:07
Сілтеме https://czn.kz/informacija-dlja-rabotodatelej-stolicy/