Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысымен таныстыру

Жарияланған күні:
2023-3-03 сағат 22:55

Ағымдағы жылдың 3 наурызында елордалық Халықты жұмыспен қамту орталығына орталық жұмысымен танысу мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаментінің басшысы Әли Көмекбаев келді.

Кездесу барысында Халықты жұмыспен қамту орталығы директордың м.а. Талғат Есімов пен директордың орынбасары Сәбит Жаманбаев жұмыссыз азаматтарды қабылдау барысы, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары туралы айтып берді.

Жарияланған күні: 2023-3-03 сағат 22:55
Сілтеме https://czn.kz/haly-ty-zh-myspen-amtu-ortaly-yny-zh-mysymen-tanystyru/