Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары «Байқоңыр» ауданының ҚАЖД-не барды

Жарияланған күні:
2022-30-07 сағат 1:25

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін апта сайын Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары Нұр-Сұлтан қаласының аудандарына шығуды жүзеге асырады.
Ағымдағы жылдың 28 шілдесінде Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары «Байқоңыр» ауданының ҚАЖД-не барды.
Кездесуге қатысушыларға қоғамдық жұмыстарға, уақытша жұмыспен қамтуға, әлеуметтік көмекке, оқытуға байланысты мәселелерді қоса алғанда, Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметтері мен іс-шаралары туралы, атап айтқанда 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба туралы, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жұмысқа орналасуға қатысу, қысқа мерзімді кәсіптік курстардан өту, қатысу және мемлекеттік грант алу туралы толық ақпарат ұсынылды. Әр жұмыссыз маманнан жеке кеңес алды.

Барлық сұрақтар бойынша азаматтардың әлеуметтік осал санаттарымен жұмыс жөніндегі бөлімге хабарласыңыз: 24-96-05, 24-95-86, 24-96-25.

Жарияланған күні: 2022-30-07 сағат 1:25
Сілтеме https://czn.kz/haly-ty-zh-myspen-amtu-ortaly-yny-mamandary-baj-o-yr-audanyny-azhd-ne-bardy/