Елордалық Халықты жұмыспен қамту орталығы Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жұмысқа орналасуға жәрдем береді!

Жарияланған күні:
2021-6-05 сағат 0:06

Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша жұмыс жасай отырып, сіз елордамыздың құрылысына, жөндеуге, абаттандыруға және көгалдандыруға белсенді қатыса аласыз.

Оралбай Нұртазин  сәуір айында жұмс іздеп елордадағы Жұмыспен қамту орталығына жүгінді. Сол жерде ол Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша  жүзеге асырылып жатқан жобаларға жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы естіп, бағдарлама бойынша жұмыс істеуге келісті.  Қазір ол Асти фирмасында  жұмысшы, тұрақты айлық жалақысы бар. Тұратын орын берілген.

Жұмыспен қамтудың Жол картасы бойынша  еңбекақы мөлшері  85 мың теңгеден 250 мың теңгее аралығында.⠀

Жобаларға жұмысқа орналасу үшін Нұр-Сұлтан қаласында тіркеудің болуы міндетті емес

Бүгінгі таңда ең сұранысқа ие мамандықтар – жүк көлігінің жүргізушілері, монтажшылар, дәнекерлеушілер, көгалдандыру мамандары, жұмысшылар, жол жұмысшылары. ⠀

Егер сізді аталған бос жұмыс орындарының бірі қызықтырған болса, 57-88-89, 24-83-02, 57-89-37, 72-93-62 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.#cznastana #жқжк

Жарияланған күні: 2021-6-05 сағат 0:06
Сілтеме https://czn.kz/elordaly-haly-ty-zh-myspen-amtu-ortaly-y-zh-myspen-amtudy-zhol-kartasy-ajasynda-zh-mys-a-ornalasu-a-zh-rdem-beredi/