Елордада әлеуметтік топтарға арналған бизнес-тренинг өтті

Жарияланған күні:
2020-2-11 сағат 17:04

«Бақытты шаңырақ» мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсету қайырымдылық қоры қаланың бастамашыл топтары үшін кәсіпкерлікті дамыту және кірістерді арттыру бойынша тренинг өткізді.

Тренинге  30 адам қатысты.Іс-шарада    бизнес жүргізу, салық және мемлекеттік гранттарды алу тақырыптары  кеңінен талқыланды. Қатысушыларды – мемлекеттік грант алу, «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша оқыту және жеке кәсіпкерлерге салынатын салықтарды жабу туралы сұрақтар  қызықтырды.

Тренинг спикерлері : Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Азамат Байтасов, ҚР Кәсіби бухгалтері Зарина Коланова болды.

Алдымен, практикалық білім мен білікке ие болғаннан кейін  тренинге қатысушылар бизнес ашып, гранттық бағдарламаларға қатысуды жоспарлайды деп атап өтті, «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қорының төрайымы Пернеш Абдукаримова.

«Біздің міндетіміз – аналарға жұмыс тауып, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету. Бұл орталықта ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналар тігін өндірісімен, кондитерлік қызметпен айналысады, маникюр, педикюр және шугаринг қызметтерін көрсетеді. Біз оңалту орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ инклюзивті топқа арналған спорт секцияларын ашқымыз келеді», – деді қор төрайымы.

Тренингтің мақсаты-қатысушыларға, бастамашыл топтардың мүшелеріне, халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне және бизнесті ашқысы және жүргізгілері келетін, бизнес-идеяларды жүзеге асырғысы келетіндердің практикалық білімі мен дағдыларын калыптастыру болып табылады.

Жарияланған күні: 2020-2-11 сағат 17:04
Сілтеме https://czn.kz/elordada-leumettik-toptar-a-arnal-an-biznes-trening-tti/