“Еңбек” бағдарламасы аясында тұрақты жұмысқа орналасу

Жарияланған күні:
2021-2-08 сағат 21:47

Ысқақов Даир Нәсіпұлы
“Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ-не жұмыс іздеуші ретінде жүгінді.

“Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы аясында “АСТАНА-АВТО-СТРОЙ” ЖШС-не тиегіш жүргізуші ретінде тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырылды.

Жалақы мөлшері 500 000 теңгені құрайды.

АСТАНА-АВТО-СТРОЙ ” ЖШС 2000 жылы құрылған, 1-санатты Мемлекеттік құрылыс лицензиясы бар құрылыс компаниясы болып табылады.
Құрылыс компаниясы ғимараттар, құрылыстар мен автожолдарды жобалаумен, салумен айналысады.

Бүгінде елорданың жұмыс берушілері “электрондық еңбек биржасы” интернет-порталында орналасқан (www.enbek.kz) әр түрлі қызмет салалары бойынша 5175 бос орын ұсынады.

Сондай-ақ жұмыс іздеп жүрген азаматтар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет порталында бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді өз бетінше қарауға мүмкіндігі бар, www.enbek.kz, жеке кабинет ашыңыз және қашықтан жұмыс іздеуді белсенді жүргізіңіз.

Егер Сіз жұмыс іздеп жүрсеңіз, Халықты жұмыспен қамту орталығына келіңіз!

Мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі 25, “Өркен”БО.

Жұмыс күндері: Дүйсенбі-жұма

Жұмыс уақыты: 08:30-18:00

Байланыс телефондары:
8(7172) 57- 87-00
8(7172) 57-88-88

Жарияланған күні: 2021-2-08 сағат 21:47
Сілтеме https://czn.kz/e-bek-ba-darlamasy-ajasynda-t-ra-ty-zh-mys-a-ornalasu/