“Еңбек” бағдарламасы аясында тұрақты жұмысқа орналасу

Жарияланған күні:
2021-12-11 сағат 17:41

Мыңбай Айдос Талғатұлы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп келді.
Ол “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде “A-SERVICE MANAGEMENT” ЖШС-не жолдамамен ақпараттық жүйелер әкімшісі болып тұрақты жұмысқа орналасты.
“A-SERVICE MANAGEMENT” ЖШС өз қызметін қонақ үй сервисінде жүзеге асырады.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың дамыған заманында кез-келген мекемеге ақпараттық жүйелер әкімшісі қажет. Желілік және ақпараттық жүйелерді орнату және сүйемелдеу, АЖ дамыту және қосымша сервистерді енгізу, қолданбалы, жүйелік және аппараттық құралдардың жұмысындағы қателерді анықтау, қателерді жою және т.б. көптеген жұмыс түрлері ақпараттық жүйелер әкімшісінің функционалдық міндеттері болып табылады.
Жұмыс іздеп жүрген адамдардың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.kz интернет-порталында бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді қарау, жеке кабинет құру және қашықтан жұмыс іздеуді белсенді жүргізу мүмкіндігі бар.
Егер Сіз жұмыс іздеп жүрсеңіз, Жұмыспен қамту орталығына келіңіз!
Толық ақпарат алу үшін Бейбітшілік көшесі 25, “Өркен”БО мекенжайына хабарласуға болады.
Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма
Жұмыс уақыты: 08:30-18: 00 (Түскі үзіліс 13.00-14.30)
Байланыс телефондары:
8(7172) 57-86-95
8(7172) 57-88-88

Жарияланған күні: 2021-12-11 сағат 17:41
Сілтеме https://czn.kz/e-bek-ba-darlamasy-ajasynda-t-ra-ty-zh-mys-a-ornalasu-9/