“Еңбек” бағдарламасы аясында тұрақты жұмысқа орналасу

Жарияланған күні:
2021-7-09 сағат 18:10

Қапан Әлфия Бақытжанқызы “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы аясында елорданың білім беру мекемесіне жұмысқа орналасты.

Әлфия тамыз айында Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп келді. Орталық мамандары берген жолдама бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “№ 18 орта мектебі” КММ-не жіберілді. Қыркүйек айында бастауыш сынып мұғалімі болып тұрақты жұмысқа орналасты. Қазір жас маман балалардың зейінін ашып, оқу-білім үйретіп, тұлға ретінде қалыптасуына баулып жүр.

“Бастауыш сынып мұғалімі – пән оқытушы ғана емес, ол – бағбан, баланың болашағына бағыт беруші, бала бойындағы қабілетінің көзін ашушы, қорғанышы”-, дейді жас ұстаз. Жұмыс іздеушілердің назарына! Елорданың бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет порталынан www.enbek.kz қарауға болады. Күн талабына сай жеке кабинет құрыңыз және қашықтан жұмыс іздеуді белсенді жүргізіңіз.

Егер Сіз жұмыс іздеп жүрсеңіз, жұмыспен қамту Орталығына келіңіз!

Мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі 25, “Өркен”БО.

Байланыс телефондары: 8(7172) 57 87 00 8(7172) 57 88 88 8(7172) 72 93 31

Жарияланған күні: 2021-7-09 сағат 18:10
Сілтеме https://czn.kz/e-bek-ba-darlamasy-ajasynda-t-ra-ty-zh-mys-a-ornalasu-4/