Бізде жаңа айдар «ЕҢБЕК ЖОЛЫ»

Жарияланған күні:
2021-11-06 сағат 16:19

Жұмысшыдан компания басшысына дейін

«BI GROUP» компаниясының басшысы Айдын Рахымбаевтың еңбек жолы.

Айдын Жұмаділұлы Рақымбаевты – бүгінде танымайтын адам жоқ. Шығыс Қазақстан тумасы. Еңбек жолын құрылыста қарапайым жұмысшы болып бастайды. Құрылыс саласын жетік білу мақсатында Целиноград инженерлік құрылыс институтына оқуға түсіп, соңғы курста «Аз Тэк» құрылыс компаниясын құрды. Бұл еліміздегі ең алғашқы бизнес- трейдинг еді.

«Аз Тэк» – 2001 жылы BI GROUP атауын алды. Компания тұрғын үй құрылысына бағдарланды. Ол кезде Айдын Жұмаділұлы 29 жаста болды. Жас басшы 10 жыл ішінде холдинг тұрғын үй құрылысы бойынша көшбасшы болды және әлі күнге дейін елімізде жетекші позицияда тұр.
2016 жылы BI GROUP холдингі мен HILTON қонақүйлер халықаралық желісі Нұр-Сұлтан қаласында 1000 нөмірге арналған қонақ уй жобасын іске асыруға келісімшарт жасады.Бүгінгі таңда компания ТМД елдерінде ірі құрылыс жобаларын жүзеге асырады.
2019 жылы BI GROUP еліміздің 50 ірі жеке компаниялар тізімінде, көшбасында 5 орында тұр.

Айдын Жұмаділұлы қайырымдылық жобалардың бастамашысы. Меценат, өмірлік қиын жағдайға түскендерге арналған «Ана үйі» жобасын қаржыландырады. «Ана үйі» дағдарыс орталығы бүгінде республика көлемінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, ауылдың дарынды балаларына арналған IQanat білім беру мектебі жұмыс істейді.
Айдын Рахымбаевтың еңбек жолы өз мамандығын сүю мен еңбеқорлықтан басталады.Кәсібилігін шыңдап, мақсаттан ауытқымай, тынбай еңбек ету әрі алға ұмтылу, келер күнге деген сенім – жарқын болашақ кепілі.

Жұмысшыдан ең ірі құрылыс компания басшысына дейін жету– өз кәсібіне деген адалдықтың дәлелі.

Жарияланған күні: 2021-11-06 сағат 16:19
Сілтеме https://czn.kz/bizde-zha-a-ajdar-e-bek-zholy/