Азаматтарды ерікті түрде көшіру бойынша құжаттарды қабылдау

Жарияланған күні:
2022-27-07 сағат 0:20
2022 жылғы 28-29 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында (Бейбітшілік көшесі, 9) «Қуатты өңірлер – елдің драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданына азаматтарды ерікті түрде көшіру бойынша құжаттарды қабылдау жүргізіледі. Бағдарлама шеңберінде тұрғын үй беріледі, қоныс аударғаны үшін, тұрғын үйді жалға алғаны және жалдағаны үшін субсидиялар төленеді.
Қоныс аудару шарттары:
-3 және одан да көп адамнан тұратын отбасы құрамы;
– Мамандықтың болуы.
Кеңес алу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Алмаз Сиражиденов 87013471434 нөміріне хабарласуға болады.
Жарияланған күні: 2022-27-07 сағат 0:20
Сілтеме https://czn.kz/azamattardy-erikti-t-rde-k-shiru-bojynsha-zhattardy-abyldau/