«Қазақстанның Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалында атаулы әлеуметтік көмек алушылармен консультативтік кездесу өтті

Жарияланған күні:
2022-30-07 сағат 1:28

2022 жылғы 29 шілдеде «Қазақстанның Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалында атаулы әлеуметтік көмек алушылармен консультативтік кездесу өтті.
Жұмыс кездесуінің мақсаты әлеуетті алушыларды, сондай-ақ бұрын АӘК беруден бас тартқан алушыларды өтінім берудің бастапқы процесі туралы, АӘК тағайындау және төлеу қағидалары туралы таныстыру болып табылады.
Спикер ретінде «Есіл» ауданының әлеуметтік жәрдемақы тағайындау бөлімінің басшысы Нұргүл Жүндібаева, «Есіл» ауданының әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің басшысы Гүлраушан Дәрібаева қатысты.
Кездесу барысында мүдделі тұлғалар, атап айтқанда көп балалы аналар, мүгедек баланың ата-аналары, АӘК беруден бас тартқан жеке тұлғалар және басқалар АӘК төлеуге қатысты негізгі проблемалық мәселелерді айтты.
Жұмыс кездесуі нәтижесінде спикерлер АӘК алудың негізгі ережелері мен қағидалары бойынша түсініктемелер, сондай-ақ барлық қызықтыратын сұрақтарға жауаптар берді.

Жарияланған күні: 2022-30-07 сағат 1:28
Сілтеме https://czn.kz/aza-stanny-haly-partijasy-o-amdy-birlestigini-astana-alaly-filialynda-atauly-leumettik-k-mek-alushylarmen-konsultativtik-kezdesu-tti/