Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың назарына

Жарияланған күні:
2021-31-03 сағат 17:02

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ  2021 жылдың ІІ тоқсанына АӘК алу үшін  құжаттарды қабылдау онлайн жүргізілетінін хабарлайды. Қауіпті инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында   өтініш берушімен  тікелей байланысты  болдырмау және топталып жиналмау үшін құжаттар  электронды үкімет порталы арқылы онлайн түрде  қабылданады. Онлайн өтініш қалдыру үшін сізде электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)       болуы қажет. Егер жоқ немесе уақыты өткен болса тұрғылықты мекен-жай бойынша халыққа қызмет көрсету орталығынан аштыру керек. Құжаттарды қабылдау  1- 30 сәуір аралығында  жүргізіледі.

Құжаттарды тапсыру кезінде қиындық болмауы үшін, Назарларыңызға видео нұсқаулықты ұсынамыз.

Ескерту: Өтініш қалдыру барысында отбасы мүшелерін және олардың әлеуметтік статусын, 20-сандық банк шотын қателеспей анық толтыру керек.таулы әлеуметтік көмек алушылардың назарына

Жарияланған күні: 2021-31-03 сағат 17:02
Сілтеме https://czn.kz/atauly-leumettik-k-mek-alushylardy-nazaryna/