Абайлаңыз! Алаяқтар!

Жарияланған күні:
2021-12-04 сағат 18:51

Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкеріміз деп өздерін таныстырып жалған мәліметтер тарату мен адамдардан жеке деректерге сұрау салу жағдайлары жиілеп кетті. Жалған қызметкерлер “еңбек”мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік грантты аудару үшін сіздің жеке деректеріңізді және сіздің карточкалық шотыңыздың деректерін сұратады. Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы, мемлекеттік гранттар- “Бастау бизнес” сертификаты немесе қысқа мерзімді курстарды аяқтау туралы куәлік болған жағдайда өтініш беру арқылы берілетінін хабарлайды. Өтініштерді комиссия қарайды және екі жақты шартқа қол қойылады, содан кейін ғана мемлекеттік грант беріледі. Сізден қырағы болуды және ресми дереккөздердегі, сондай-ақ 95-44-24 нөмірі бойынша (мемлекеттік грант бойынша) ақпаратты тексеруді сұраймыз)

Жарияланған күні: 2021-12-04 сағат 18:51
Сілтеме https://czn.kz/abajla-yz-alaja-tar/