Құрметті Астана қаласының жұмыс берушілері!

Жарияланған күні:
2022-12-10 сағат 18:04

Құрметті жұмыс берушілер!

«Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде 2021-2025 ж.  кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін жұмыс берушілерден 2023 жылдарға өтінімдер қабылдайды. Оқытудың мақсаты – одан әрі кепілді жұмысқа орналасу үшін жұмыс берушілер үшін жұмыссыз азаматтар арасынан білікті кадрларды қысқа мерзімді оқыту.

Білікті кадрларды даярлау екі тәсілмен жүргізіледі:

1) «Атамекен» ҰКП тізілімінде тұрған білім беру мекемелерінде;

2) тиісті материалдық-техникалық базасы бар жұмыс орнында. Кәсіптік оқытудың мерзімі біліктілік пен дағдылардың ерекшеліктеріне қарай 6 айдан аспайды. Мемлекет оқу шығындарын өтейді.

«Атамекен» ҰКП тізілімінде тұрған білім беру мекемелерінде оқу барысында жұмыссызға ай сайынғы стипендия мен медициналық тексеруден өтуге біржолғы материалдық көмек (2 АЕК) төленеді. Халықты жұмыспен қамту орталығы, жұмыссыздар, білім беру мекемесі және жұмыс беруші арасында төртжақты әлеуметтік келісімшарт жасалады. Өтінім үлгісі 1-қосымшаға сәйкес.

Жұмыс орнында оқыған жағдайда жұмыс берушіге мемлекет жұмыссыз азаматтың оқуы үшін белгіленген оқу құнына сәйкес ақы төлейді. Сондай-ақ, Мемлекет білім алушы азаматқа 20 АЕК (61 260 теңге) мөлшерінде жалақы төлейді. Жұмыс беруші өз қалауы бойынша, сондай-ақ жұмыссыз адамдарды өзіне тарту мақсатында мекеме өз қаражаты есебінен қосымша ақы белгілей алады. Өтінім үлгісі 6-қосымшаға сәйкес.

Қатысуға жіберілетін жұмыс берушілер салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам жұмыс істейтін болуы тиіс.

Жұмыс орнында оқыту жобасына қатысуды жоспарлаған жұмыс берушілерге қойылатын қосымша талаптар: материалдық-техникалық базаның болуы, кемінде бір жыл кәсіби тәжірибесі бар білікті қызметкерлердің болуы, кадрларды даярлаудың жеке бағдарламасының болуы.

Сондай-ақ жұмыс орнында оқыту үшін жұмыс берушілерге кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру нормалары Жарғыда (Ережеде) қаралған болса ғана,  рұқсат етіледі.

Оқыту аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жұмыссыздардың кәсіби дайындығын бағалау үшін біліктілік емтиханын өткізеді және оқуды аяқтағаны туралы сертификат береді.

Жұмыс беруші жұмыссыздар оқуды сәтті аяқтаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Шарт негізінде оларды тұрақты жұмысқа орналастырады.

Жұмыс берушілер өтініштерді электронды форматта egov.kz, eotinish.gov.kz арқылы немесе «Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мекенжайы бойынша береді. Бейбітшілік 9 (бұрынғы Орталық әмбебап дүкені) келесі қаржы жылына ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласыңыз: prof.edu@czn.kz, 24-89-48, 24-93-09

 

Жарияланған күні: 2022-12-10 сағат 18:04
Сілтеме https://czn.kz/6358-2/