29 жас санатындағы азаматтар үшін мемлекеттік грант алу бойынша кезекті комиссия отырысы

Жарияланған күні:
2021-8-11 сағат 17:32

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткерлердің өтініштерін қарау бойынша 29 жасқа дейінгі жастарға арналған комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссияда 31 өтініш қаралды, оның ішінде 25 жоба мақұлданды (тігін ательесі, смартфондарды жөндеу жөніндегі сервис орталығын ұйымдастыру, полиграфия қызметтері, әйелдер киімі дүкені, клинингтік қызметтер, пицца өндірісі және басқалар).
Халықты жұмыспен қамту орталығы, мемлекеттік гранттар беру үшін қосымша қаражат бөлінуіне байланысты, “Бастау бизнес” курсын немесе қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды аяқтаған 29 жасқа дейінгі жастар қатарынан грант алуға өтініштер қабылдауды жалғастыруда.
Анықтама: жыл басынан бері комиссия 522 жобаны мақұлдады. Ағымдағы жылы гранттың ең жоғарғы сомасы – 583 400 теңге (200 АЕК).
Барлық сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласыңыз: Бейбітшілік көшесі, 25, “Өркен” БО, байланыс телефоны: 95-44-16, 87777070144.

Жарияланған күні: 2021-8-11 сағат 17:32
Сілтеме https://czn.kz/29-zhas-sanatynda-y-azamattar-shin-memlekettik-grant-alu-bojynsha-kezekti-komissija-otyrysy/