11-12 қараша күндері СҚО ерікті қоныс аудару бойынша қабылдау жүргізіледі

Жарияланған күні:
2021-5-11 сағат 17:27

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғынының назарына!!!

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында 11-12 қараша күндері Солтүстік Қазақстан облысына ерікті қоныс аудару бойынша қабылдау жүргізіледі!!!

Елдің еңбек күші артық өңірлерінен қандастар мен азаматтарды қабылдау жөніндегі ақпараттық-кеңес беру орталығы Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударғысы келген жандарға кеңес беріп, көші-қон процессі жайлы түсіндіреді.

СҚО қоныс аударатын жанұяларға қаражат түрінде мемлекет тарапынан көрсетілетін мүмкіндіктер:
Қоныс аударушыларға және оның отбасы мүшелеріне отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір реттік 70 АЕК (204.190 теңге) қайтарымсыз берілетін болады.
1 адам – 204.190 теңге;
2 адам – 408.380 теңге;
3 адам – 612.570 теңге;
4 адам – 816.760 теңге;
5 адам – 1.020.950 теңге;
Сонымен қатар, қоныс аударушының отбасына тұрғын жай дайын болғанша 12 ай бойы АЙ САЙЫН тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге материалдық көмек беріледі.

СҚО мал шаруашылығы мен егін егуге аса қолайлы. Сондықтан, тракторшы, механизатор, мал дәрігері, СЕ категориялы көлік жүргізушілеріне сұраныс жоғары. Әкімшілік қызметкерлер, дәрігер, мұғалім мамандары аса қажет.
Кеңес алу үшін байланыс номері: 8-775-663-62-13, 8-771-081-00-10
whatsapp 8-708-432-08-82.

СҚО облысының мамандары келушілерді 11-12 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында (Бейбітшілік к-сі – 25, «Өркен» ІО) қабылдайды.

Сондай-ақ, СҚО Халықты жұмыспен қамту орталығының Call-орталық мамандары қоныс аудару жайын жоспарлап жүрген адамдардың сауалдарына телефон арқылы түсініктеме береді.

Call-орталық нөмірі:
8-7152-32-08-82, 8-775-663-62-13, 8-771-081-00-10
whatsapp 8-708-432-08-82.
Email: sqo.qandas@mail.ru;
instagram: sqo_qandas;
Telegram: sqo_qandas;
Vk: sqo.qandas;
Facebook: sqo qandas;
Website: sqo-qandas.kz;

Мекенжайы: СҚО,Петропавл қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі 168б, 108кабинет
Жұмыс уақыты: 09:00-18:00

Жарияланған күні: 2021-5-11 сағат 17:27
Сілтеме https://czn.kz/11-12-arasha-k-nderi-s-o-erikti-onys-audaru-bojynsha-abyldau-zh-rgiziledi/