“Еңбек” бағдарламасы аясында тұрақты жұмысқа орналасу

Жарияланған күні:
2021-3-11 сағат 10:57

Төлебаева Әсел Ержанқызы – Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты жұмысқа орналасқандардың бірі.
2021 жылғы 14 маусымда Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелді.
Жұмыспен қамту орталығының мамандары “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Ә. Төлебаеваны “Тәуелсіздік-Д” ЖШС мекемесіне бухгалтер лауазымына тұрақты жұмыс орнына жолдама беріп, жұмысқа орналастырды.
А. Төлебаева 1997 жылы 10 маусымда дүниеге келген, 29 жасқа дейінгі жастар санатына жатады.
“Әрбір басшының басты міндеті – жұмысқа сауатты бухгалтерді қабылдау, өйткені бухгалтердің жіберген қателігі кәсіпорын үшін қымбатқа түседі. Кәсіпорынның болашағы бухгалтерлердің кәсібилігіне, адалдығына, сауаттылығына және креативтілігіне тікелей байланысты. Халықты жұмыспен қамту орталығына лайықты жұмыс іздеуде білікті көмек көрсеткені үшін алғысым шексіз “, – дейді Әсел Ержанқызы.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.kz интернет порталы арқылы жұмыс іздеушілердің бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді қарап, қазіргі заман талабына сай жеке кабинет құру және қашықтан жұмыс іздеуді белсенді жүргізу мүмкіндіктері бар.
Егер сіз жұмыс іздеп жүрсеңіз, Жұмыспен қамту орталығына келіңіз!
Толық ақпарат алу үшін Бейбітшілік көшесі, 25, “Өркен” БО мекен-жайына хабарласуға болады.
Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма
Жұмыс уақыты: 08:30-18: 00 (түскі үзіліс 13.00-14.30)
Байланыс телефондары:
8 (7172) 57- 86-95
8 (7172) 57-88-88

Жарияланған күні: 2021-3-11 сағат 10:57
Сілтеме https://czn.kz/e-bek-ba-darlamasy-ajasynda-t-ra-ty-zh-mys-a-ornalasu-7/